АҚШ президенті Дональд Трамп қазан айында МРТ-дан өткен болатын. Ақ үй тексеру нәтижелерін жария етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Денсаулықтағы мәселелерді ерте кезде анықтау, жалпы жағдайы туралы білу және пациенттің алдағы уақыттағы еңбекке жарамдылығын анықтауды мақсат етті", – делінген Ақ үй жариялаған ақпаратта.
МРТ нәтижелері Трамптың жүрегінде не күре тамырларында ақаулар анықталмағанын көрсеткен. Дәрігерлер АҚШ басшысының жүрек-қантамыр жүйесі өте жақсы екенін айтып отыр. Бұдан бөлек ағзалардың қалыпты жұмыс істеп тұрғаны, өткір немесе созылмалы мәселелердің жоқ екені де айтылған.
Ақ үй дәрігері Трамппен жастағы басшылар үшін мұндай медициналық тексерістен өту қалыпты екенін жеткізген.
Жексенбі күні АҚШ президенті МРТ қорытындысы жақсы болып шыққанын айтқан болатын.