Мүфтият қоғамда дау тудырған уағызшыға қатысты мәлімдеме жасады

143

Бұл туралы ақпарат 2026 жылдың 1 сәуірінде ҚМДБ-ның ресми сайтында жарияланды.

Мүфтият қоғамда дау тудырған уағызшыға қатысты мәлімдеме жасады Фото: видеодан алынған кадр

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) соңғы уақытта уағызы қоғамда жиі талқыланып жүрген Құрбанәлі Ахметке қатысты мәліметтерге байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Құрбанәлі Ахмет Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылымында қызмет етпейді. Діни басқармамен ешқандай қызметтік немесе ресми байланысы жоқ. Осыған байланысты оның тарапынан айтылған пікірлер, жеке көзқарастар мен мәлімдемелер ҚМДБ-ның ресми ұстанымы болып табылмайтындығын хабарлаймыз. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы дінге қатысты мәселелерде тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырады. Қоғам арасында түрлі түсінбеушілік пен жалған ақпараттың таралуына жол бермеу – баршамызға ортақ жауапкершілік", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу