Мүфтият коллагенді қолдануға қатысты үкім шығарды

77

Шошқадан алынған коллаген харам болып саналады. 

Мүфтият коллагенді қолдануға қатысты үкім шығарды Фото: muftyat.kz

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы коллагенді қолдануға қатысты пәтуа жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты 

Мүфтият коллаген дәнекер ұлпаларын біріктіретін ақуыздың бір түрі екенін еске салды. Бүгінде коллаген косметикалық өнімдер құрамында, тағам қоспаларында қолданылады. Коллаген жануарлардың сүйектерінен, терілерінен, сіңірлерінен, балықтың қабыршағынан, құстың шеміршектері мен сүйектерінен алынады. 

ҚМДБ-ның хабарлауынша, оның шариғаттағы үкімі қандай нәрседен алынғанына байланысты. Мәселен, еті желінетін, шариғатқа сай бауыздалған мал және балықтан алынған коллагенді қолдануға рұқсат. Шошқадан алынған коллаген харам болып саналады.

"Шошқадан алынған коллаген. Ол – нәжіс, харам саналады. Шариғатта шошқаның етін, майын жеуге, терісін т.б. қолдануға тыйым салынған. Балықтан алынған коллагенді қолдануға рұқсат. Себебі балық адал әрі бауыздауды қажет етпейді. Сиыр, қой секілді еті желінетін әрі шариғатқа сай сойылған жануарлар мен құстардан алынған коллаген. Бұны қолдануға болады. Ал еті желінбейтін жануардан немесе еті желінетін, бірақ шариғат жолымен бауыздалмаған малдан және құстан алынған коллагенді қолдануға болмайды", – делінген хабарамада.

Тек химиялық құрылымы өзгеріп, басқа нәрсеге айналса немесе болмысы толықтай жойылса ғана рұқсат.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу