Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2027 жылғы қажылық маусымы үшін туристік операторлар арасында байқау жариялады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қажылық парызын өтеуге ниет еткен мыңдаған қазақстандықты Сауд Арабиясына апаратын турфирмалар ҚМДБ-ның талапқа сай болуға тиіс:
- Турфирмалардың салықтар мен міндетті төлемдердің төленгеніне назар аударылады.
- Қажылықты ұйымдастыру ісіне өз саласында 5 жылдық тәжірибесі бар компаниялар ғана жіберіледі.
- Туроператордың Сауд Арабиясының уәкілетті ұйымдарымен немесе олардың ресми серіктестерімен қолданыстағы келісімшарттары болуы қажет.
- Соңғы бір жылдағы ұмра сапарларын ұйымдастыру тәжірибесін, қажыларды орналастыру, тасымалдау, виза рәсімдеу, гид қызметі және басқа да қызметтердің көрсетілгенін растайтын құжаттар ұсынылуы керек.
- Қазақстан аумағында халыққа сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін тұрақты кеңсесі болуы міндетті. Оның мекенжайы мен ғимаратты жалға алу немесе иелену құқығын растайтын құжаттар қоса беріледі.
"Аталған құжаттар 2026 жылғы 11 тамыздан бастап hajj@muftyat.kz поштасы арқылы 2026 жылғы 21 тамызға дейін қабылданады. Көрсетілген мерзім аралығында құжаттарын тапсырмаған туристік оператордың ұсыныстары қаралмайды", – делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу