Мұғалімдер мектепке директорлардың қатысуынсыз қабылданады

1633

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов республикалық тамыз конференциясының пленарлық сессиясында педагогтарды жұмысқа қабылдау жүйесі өзгеретінін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Мұғалімдер мектепке директорлардың қатысуынсыз қабылданады

Министр бұған дейін мұғалімдерді жұмысқа қабылдағанын, бұдан былай бұл іс конкурс арқылы, электронды форматта атқарылатынын айтты. 

"2021 жылдың қыркүйегінен педагогтарды жұмысқа қабылдау жүйесі өзгереді. Бұл тақырып бойынша талқылау мен пікіралмасу өтті. Нәтижесінде тиісті бұйрыққа қол қойылды. Нақты көрсеткіштер мен өлшемшарттар бойынша мектеп пен комиссия педагогты қабылдау тұрғысында шешім қабылдайды", – деді Асхат Аймағамбетов.
Бұдан кейін министр білім саласы қызметкерлерінің жалақысы жайлы сөз қозғады. 
"2022 жылдың қаңтарында балабақша мен мектеп, колледж педагогтарының жалақысы тағы 25%-ға өседі", – деді Асхат Аймағамбетов.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу