Мұғалімдер жалпыұлттық халық санағына өз еркімен тартылады

1805

Жалпыұлттық халық санағын жүргізетін азаматтардан жұмыс өтілі мен кәсіби білім талап етілмейді.

Мұғалімдер жалпыұлттық халық санағына өз еркімен тартылады

Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің төрағасы Нұрболат Айдапкеловтың айтуынша, қазан айына жоспарланған жалпыұлттық халық санағын өткізуге 32,5 мың адам қатысады.  

Халық санағын жүргізетін азаматтарға халық санағының логотипі бар куәлік, сөмке және бөкебай беріледі. Санақшылар тұрғын үйлерге барғанда куәліктерін көрсетуге міндетті болады. Жалпыұлттық санақ екі кезеңнен тұрады. 

"Жалпыұлттық халық санағы кезінде мұғалімдерге ақылы негізде, өз еркімен жұмыс істеуге мүмкіндік беріледі. Олар жұмысқа тегін тартылмайды. Жалпыұлттық халық санағын жүргізуге Қазақстан Республикасының 18 жастан асқан азаматы атсалыса алады. Халық санағын жүргізетін азаматтардан жұмыс өтілі мен кәсіби білім талап етілмейді. Оларға планшетпен жұмыс істей білу талабы ғана қойылады", – деді ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы Нұрболат Айдапкелов.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу