Мұғалімдерді қызметіне қатысы жоқ шараларға мәжбүрлеп қатыстыратындар жауапқа тартылады

89

Заңда тиісті норма бар. 

Мұғалімдерді қызметіне қатысы жоқ шараларға мәжбүрлеп қатыстыратындар жауапқа тартылады Фото: canva

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов педагог мәртебесі және білім беру мәселелері бойынша түзетулер енгізу туралы заң жобасына қатысты маңызды нормаға тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Тағы бір маңызды мәселе. Бұған дейін мұғалімдердің басқа бір өзіне тән емес қызметтерге тартпау бойынша норма болды. Бірақ оны қарасаңыздар, онда "орта білім қызметкерлері" деп жазылып тұр. Ал бізде жүз мыңдаған басқа да ұстаздар бар. Олар балабақшаларда, колледжерде жұмыс істейді. Енді біз балабақшадағы, колледжердегі ұстаздарды қолдаумен қамтып отырмыз. Бұл да үлкен шешім деп айтуға болады", – деді депутат Мәжіліс кулуарында.

Журналистер "Енді ұстаздар түрлі жиындарға бара ма?" деп нақтылады. 

"Қазіргі уақытта мұғалім жиындарға немесе тиісті іс-шараларға барса, ол өзінің шешімімен баруы керек. Егер түрлі жиынға мәжбүрлеп апарса, сабақтың үстінде оны алып кетсе, сабақты өткізбесе, онда бүгінде нақты айыппұл да, жауапкершілік те бар. Оны кім сабақтан керек емес жиынға мәжбүрлеп алып кетті – сол азаматқа немесе заңды тұлғаға айыппұл салынады", – деп түсіндірді Асхат Аймағамбетов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу