Мұғалімдерге қойылатын талап қатаңдатылады

910

Бұл туралы республикалық тамыз конференциясының пленарлық сессиясында айтылды. 

Мұғалімдерге қойылатын талап қатаңдатылады

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мұғалімдердің біліктілігін арттыру 2 жылда бір рет өткізілуі мүмкін екенін мәлімдеді. 

"Қазіргі кезде біліктілікті арттыру орталықтары қайта жүктеу кезеңінен өтіп жатыр. Бұл кезеңде біліктілікті арттыру курсының мазмұны мен сапасы ғылыми әдістемеге негізделіп, толық жаңартылады. Мұғалімдердің біліктілігін 5 жылда бір рет емес, 2 немесе 3 жылда бір рет өткізу мәселесін қарастыруды жоспарлап отырмыз", – деді Асхат Аймағамбетов. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу