Мұғалімді сотқа берген ата-ана жеңіске жетті

932

Олар ұстаздың қойған бағасымен келіскен жоқ.

Мұғалімді сотқа берген ата-ана жеңіске жетті

Павлодарлық ата-ана мен мұғалім арасындағы түсініспеушілік сотқа дейін жеткізді. Ал сот баланың тарапына шығып, баға қайта есептелетін болды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Мектеп мұғалімі балаға қойған бағаны қайта қараудан бас тартқан соң анасы сотқа жүгініп, әділ шешім қабылдауды сұрады. Сот процесі кезінде оқушыға жартыжылдық білімі үшін "төрт" деген баға негізсіз қойылғаны анықталды. Сондықтан тоқсандық бағасы да "үздіктің" орнына "жақсыға" бағаланды.

Сотқа қатысқан ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілі орта арифметикалық мәнді негізгі ала отырып, бағаны қайтадан есептеу керек деген байламға келді.

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың мәліметі бойынша, екі тарап өзара мәмілеге келді. Мектеп комиссиясының келесі отырысында таласқа түскен бағаны қайта қарайды.

Құндыз Қабылденова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу