Мүгедек азаматтар тұрғын үй кезегіне қайта тұруға мәжбүрленбейді

996

Мәжіліс депутаттары "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда талқылады. 

Мүгедек азаматтар тұрғын үй кезегіне қайта тұруға мәжбүрленбейді

Құжатқа мүмкіндігі шектеулі балаларды тұрғын үй кезегіне тұрғызуға қатысты жаңа норма енгізу көзделген, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкеновтің айтуынша, заң жобасында мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған отбасыларға бала кәмелеттік жасқа толғаннан кейін де тұрғын үй кезегінде тұру құқығын сақтау мәселесі қамтылады. 

"Іс жүзінде мұндай отбасылар тұрғын үй кезегінде 10 жылға дейін тұрады. Бала 18 жасқа толғанға дейін тұрғын үй алу мүмкін болмаса, онда мүгедектігі бар азамат кезекке қайта тұруға мәжбүр болады. Жаңа норма 20 мыңнан астам отбасына тұрғын үй кезегін сақтауға мүмкіндік береді", – деді Серік Шәпкенов.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу