Сандықтау ауданының прокуратурасы мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласында елеулі бұзушылықтарды анықтап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұзушылықтар азаматтарды тифлотехникалық, сурдотехникалық құралдармен және протездік-ортопедиялық көмекпен уақтылы қамтамасыз етпеу жағдайларында кездескен.
– Оңалтудың техникалық құралдарын ұсынуға жауапты әлеуметтік қорғау органдары 6 айдан астам уақыт бойы аталған азаматтарды негізсіз дыбыстық хабарламасы бар ұялы телефондармен және дыбыс жазу құрылғыларымен қамтамасыз етпеген, бірқатар азамат ұзақ уақыт бойы қажетті протездік-ортопедиялық көмекті ала алмаған.
Мұндай бұзушылықтар азаматтардың өмір сүру сапасына теріс әсер етеді, олардың әлеуметтік бейімделу мүмкіндіктерін шектейді, – делінген хабарламада.
Ден қою шараларымен аталған адамдар сурдо және тифлопедиялық құралдармен, сондай-ақ протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етілген.
Жауапты лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.