Мүгедектігі бар азаматтарға 1,3 млн теңгеден астам көлік салығы заңсыз салынған

388

Салық кодексіне сәйкес, мүгедектері бар тұлғалар көлік салығын төлеушілер болып табылмайды.  

Мүгедектігі бар азаматтарға 1,3 млн теңгеден астам көлік салығы заңсыз салынған Фото: azh.kz

Талдықорған қаласының прокуратурасы Мемлекеттік кірістер басқармасы 48 мүгедектігі бар тұлғаларға көлік құралдарына салық төлеу туралы хабарлама жібергенін анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Прокурорлық қадағалау актісіне сәйкес барлық есептеулер жойылды.

Жалпы сомасы 1,3 млн теңгеден астам шоттар кері қайтарылды, осылайша мүгедектері бар тұлғалардың  құқықтары қалпына келтірілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу