Мүгедектікті белгілеуге қатысты 113 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралды

217

Бұл ел бойынша куәландырудан өткен мүгедектігі бар адамдардың жалпы санының 42,5 пайызы.

Мүгедектікті белгілеуге қатысты 113 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралды Фото: freepik

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінше, сырттай проактивті куәландыру бірқатар нозологиялық нысандар бойынша қолданылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Олардың қатарына онкологиялық аурулар, барлық локализациядағы туберкулез, туа біткен және жүре пайда болған анатомиялық даму кемістіктері, психикалық аурулар, балалардағы бірінші типті қант диабеті, балалардағы мукополисахаридоз, сондай-ақ ағза трансплантациясынан кейінгі жағдайлар кіреді.

2025 жылы нозологиялық нысандар тізбесі едәуір кеңейтілді. Оған шынайы гидроцефалия, бір немесе бірнеше аяқ-қолдың тұрақты айқын салдануы немесе терең парездері сияқты аурулар енгізілді.

Осылайша, қазіргі таңда сырттай форматтағы куәландыру 50-ден астам нозологиялық нысан бойынша жүргізіледі.

Бұған дейін хабарланғандай, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің VI отырысында Мемлекет басшысы ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін барынша қолайлы жағдай жасауды, олардың инстанциялар мен қағазбастылық бойынша жүруін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің қызмет алушылармен байланысын болдырмауды тапсырды.

Аталған тапсырманы орындау мақсатында Қазақстанда медициналық-әлеуметтік сараптаманың сырттай форматы енгізілді. Бұл жағдайда өтініш берушіге тек тіркелген жері бойынша медициналық ұйымға жүгініп, қажетті тексеруден өту жеткілікті.

Құжаттарды жолдаудан бастап сараптамалық шешім шығаруға дейінгі барлық кейінгі кезеңдер азаматтың жеке қатысуынсыз, ақпараттық жүйелердің интеграциясы арқылы жүзеге асырылады. №031/у нысанындағы медициналық құжаттар медициналық ұйымдардан МӘС бөлімшелеріне электрондық форматта жолданады.

Сырттай куәландыруға көшу:

– әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді жояды;

– МӘС сараптамалық шешімдерінің ашықтығын қамтамасыз етеді;

– мүгедектікті белгілеу және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау шараларын анықтау бойынша қызметтерді үйден шықпай-ақ алуға мүмкіндік береді;

– көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушімен тікелей байланысын болдырмайды, сол арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу