Мұхиттағы пластик біз ойлағаннан да көп – CNN

974

2010 жылы адамдар кесірінен мұхитқа 12,7 млн тонна пластик қалдық түскені анықталған.

Мұхиттағы пластик біз ойлағаннан да көп – CNN

Ғалымдар жүргізген зерттеу нәтижелеріне сенсек, мұхиттағы пластик көлемі біз ойлағаннан да көп. Бұл туралы CNN-ге сілтемемен ҚазАқпарат хабарлады.

"Егер сіз көптеген пластиктерді жұтып өліп қалған киттерді көрсеңіз немесе дүкеннен шыққанда көп реттік пакет ұстап шыққаныңызға алаңдасаңыз, дұрыс істейсіз. Себебі жаңа зерттеу нәтижелеріне сенсек, мұхиттағы пластик саны біз ойлағаннан да көп және бұл проблема ушығып кетуі мүмкін", – деп жазады басылым. 

"Nature Communications журналында жариялаған мақалада мұхиттағы макропластик қалдықтар көбейген. Зерттеуде  1990 жылдан бері бұл көрсеткіш күннен күнге артып жатқаны айтылған", – деп жазылған басылымда.

Автордың айтуынша, бұған дейін жүргізілген зерттеуде 2010 жылы адамдар кесірінен мұхитқа 12,7 млн тонна пластик қалдық түскені анықталған.

"Ал соңғы төрт жылда әлемде пластмасс өндірісі төрт есе артқаны зерттеуге дәлел бола алады", – делінен.

Ал ғалымдар мақалада пластик арзан өнім болғанымен, оның салдары қымбатқа соғатынын айтқан. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу