Мұхтар Ерман Орталық сайлау комиссиясының хатшысы болды

1391

2022 жылғы 30 наурызда Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті.

Мұхтар Ерман Орталық сайлау комиссиясының хатшысы болды

Отырыста "Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы" Конституциялық заңның 11 бабының 2 тармағына сәйкес Орталық сайлау комиссиясының хатшысы болып Ерман Мұхтар Тілдәбекұлы сайланды.

Мұхтар Ерман 30 наурызда Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі арқылы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі болып тағайындалған.

Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясының хатшысы қызметін атқарған Щегорцова Анастасия Геннадьевна ҚР ОСК мүшесі ретінде қызметін жалғастыра береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу