Мұхтар Құл-Мұхаммед сенат комитетін басқарады

1206

Ол Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік тұрақты комитетінің төрағасы болып сайланды.

Мұхтар Құл-Мұхаммед сенат комитетін басқарады

Мұхтар Құл-Мұхаммед сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік тұрақты комитетінің төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

"Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік тұрақты комитетінің төрағалығына Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммедті сайлауды ұсынамын", – деді палата спикері Дариға Назарбаева бүгін сенаттың пленарлық отырысында.

Депутаттар Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммедті сайлау туралы шешімді қолдады. Бұл комитетті бұған дейін Дариға Назарбаева басқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу