Мұхтар Шаханов өзі өсиет еткен жерге жерленетін болды

154

Бұл туралы ақынның жиен немересі Қайырхан Балғабеков әлеуметтік желіде хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Мұхтар Шаханов өзі өсиет еткен жерге жерленетін болды Фото: әлеуметтік желілерден

Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Шаханов өзі өсиет еткен жер – Арыстан баб кесенесі маңына жерленетін болды.

"Аллаға сансыз шүкір! Атамның соңғы аманаты орындалатын болды. Атамыз Отырарда жерленеді", – деп жазды ол.

Айта кетейік, марқұммен қоштасу рәсімі 21 сәуір күні сағат 09:00-де Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында өтеді. Ал жерлеу рәсімі 22 сәуірде Арыстан баб кесенесінің маңындағы академик Өмірзақ Айтбаев пен Көпен Әмірбек жерленген зиратта (Қоғам ауылдық зиратында) өтеді.

Бұған дейін марқұмның Алматыдағы Кеңсай-2 зиратына жерленетіні хабарланған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу