Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсіміне Димаш Құдайберген барды

221

Қоштасу рәсіміне жиналған жұрттың қарасы қалың болды.

Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсіміне Димаш Құдайберген барды Фото: видеодан алынған кадр

Алматыда Қазақстанның Халық жазушысы, танымал ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қоштасу рәсімі Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының ғимаратында өтті. Қаралы жиынға жиналған жұрттың қарасы қалың болды. 

Олардың арасында ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері мен саясаткерлер бар. Димаш Құдайберген де марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

Айта кету керек, Мұхтар Шаханов өзі өсиет еткен жер – Арыстан баб кесенесі маңына жерленетін болды. 

Қазақстанның Халық жазушысы 19 сәуір күні 84 жасқа қараған шағында көз жұмды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу