Мұхтар Тайжанның ұлы мен оның болашақ келінін Макрон құттықтады

492

Санжар Тайжан Парижде қалыңдығына ұсыныс жасады. 

Мұхтар Тайжанның ұлы мен оның болашақ келінін Макрон құттықтады Фото: Instagram/Санжар Тайжан

Оларды Франция Президенті Эммануэль Макронның өзі құттықтаған. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мұхтар Тайжанның ұлы Санжар Илон Масктың компаниясында жұмыс істейтін жас инженер.

"Мен сүйікті қызыма ұсыныс жасадым. Франция президенті - Э. Макрон бірнеше сағаттан кейін бізді құттықтады", - деп жазды Санжар Тайжан.

Екі жасты құттықтаған Франция президенті олардың елін сұрайды. "Қазақстан", "Президент Тоқаев" деп жауап берген Санжарға қазақ елін білетінін, Қазақстанда болғанын айтады. Сонымен қатар, Тоқаевтың сыйлаған тазы күшіктерін есіне алады.

Айта кетейік, былтыр қараша айында Мемлекет басшысының шақыруымен Астанаға сапармен келген Франция Президенті "Этноауыл" көрмесін аралап көріп, қазақ халқының бай мәдени мұрасымен танысқан еді. Көрме орталығын тамашалау барысында Эмманюэль Макронға қазақы тазының тұқымы ерекше ұнаған болатын. Сол кезде Қасым-Жомарт Тоқаев франциялық әріптесіне тазы сыйлауға уәде берген еді. Кейін Президент қазақы тазының екі күшігін Францияға арнайы жөнелтті. Макрон тазы күшіктеріне Жюль және Жанна деген есім берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу