Мұхтар Тілеуберді С5+1 елдерінің делегацияларын маусымда өтетін халықаралық форумға шақырды

459

Астанада Орталық Азия елдері мен АҚШ сыртқы істер ведомстволары басшыларының С5+1 форматындағы министрлер кездесуінің бірлескен хаттамалық түсірілімі өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Мұхтар Тілеуберді С5+1 елдерінің делегацияларын маусымда өтетін халықаралық форумға шақырды Фото: zakon.kz

Кездесуде Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді С5+1 елдерінің делегацияларын 8-9 маусымда өтетін саяси көшбасшылар, ойшылдар мен жеке компаниялар да қатысатын Астана халықаралық форумына қатысуға шақырды.

"Осыған байланысты мен С5+1 елдерінің делегацияларын 8-9 маусымда өтетін саяси көшбасшылар, ойшылдар мен жеке компаниялар да қатысатын Астана халықаралық форумына қатысуға шақырғым келеді. Сіздің қатысуыңыз аймақтық ынтымақтастықты нығайтуға және геосаяси белгісіздік жағдайында өзара тұрақтылықты арттыруға саяси ерікті көрсетеді. Хатшы Блинкеннің Орталық Азиямен жұмыс істеуге ниетті екенін және қазір аймаққа алғашқы сапарын жасап жатқанын көру жігерлендіреді", - деді Сыртқы істер министрі.

Сонымен қатар министр біздің дипломатиялық басымдықтарымыз ретінде Қазақстан өзінің көпвекторлы және теңгерімді сыртқы саясатын жалғастырады және осыған байланысты Орталық Азия да, Америка Құрама Штаттары да біздің басты басымдықтарымыз екенін атап өтті.

"Бұл С5+1 форматын бұрынғыдан да өзекті етеді. Біздің ұжымдық күш-жігеріміздің арқасында С5+1 форматы өте маңызды құралға айналды. Өйткені ол біздің елдерімізді экономикалық және сауда байланыстарын нығайту және ортақ мәселелерді тиімдірек шешу жолында біріктіреді", - дейді Мұхтар Тілеуберді.

АҚШ -  Қазақстан үшін 60 миллиард доллардан астам тікелей шетелдік инвестиция әкелген ең ірі ел. Екіжақты тауар айналымы 37%-дан астамға өсіп, 3 млрд доллардан асты.

"Біз Америка Құрама Штаттарына әлеуетті арттыруға және тәжірибе алмасуға және еліміздің экономикалық басымдықтарына сәйкес әлеуметтік-экономикалық жобаларды жүзеге асыруға техникалық және экономикалық көмегі үшін алғыс айтамыз. Біз Америка Құрама Штаттарының өңірімізде цифрлық сауда мен коммуникацияны дамытудағы күш-жігерін жоғары бағалаймыз", - деп қосты министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу