Мұхтар Жәкішевтің қызы шетелдік азаматпен некесін қиды

Қуанышты жаңалықты кәсіпкердің қызы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.  

Мұхтар Жәкішевтің қызы шетелдік азаматпен некесін қиды Фото: instagram.com/altjj_

Алтынай Жәкішева Лондонда тұрады және модель болып жұмыс істейді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жарияланған кадрлардан тойдың қарапайым әрі жақындарының ортасында шағын түрде өткенін байқауға болады. Десе де, қалыңдық сәнді көйлек киген. Оның қолындағы бордо түсті калла гүлдері де көптің назарын аударып отыр. 

– Сенбі, 9 мамыр күні Лондондағы ратушада отбасымыздың ортасында некемізді ресми түрде тіркедік. Жаңбыр жауады деп болжаған еді, бірақ күні бойы күн ашық болып, аспан шайдай ашылды. Сол күні мен ресми түрде Mrs OJ атандым, – деп жазды ол.

Ашық дереккөздегі ақпаратта Карл Обидің Манчестер университетін тамамдағаны және инвестициялық менеджер болып жұмыс істейтіні жайлы дерек бар.

Еске салайық, қазақстандық бизнесмен Мұхтар Жәкішев бұрын "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясында басшылық қызмет атқарды. Ол 1963 жылы Алматыда туған. Мәскеу инженерлік-физика институтын "инженер-физик" мамандығы бойынша аяқтап, кейін осы оқу орнының аспирантурасында білім алған.

Әр жылдары көптеген бизнес құрылымында басшылық қызметтерде болды. Қазақстанның энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі лауазымын да атқарды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу