Мұқыр ауылының 67 жастағы тұрғыны туғалы құжатсыз жүрген

554

Ол зейнет жасына шықса да, осы уақытқа дейін зейнетақы алмапты.  

Мұқыр ауылының 67 жастағы тұрғыны туғалы құжатсыз жүрген Фото: azh.kz

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылының 1955 жылы туған тұрғыны ұзақ уақыт бойы жеке басын куәландыратын жеке куәліксіз жүрген, деп хабарлайды inbusiness.kz azh.kz-ке сілтеме жасап.

Қызылқоға ауданының Көші-қон полиция бөлімшесінің қызметкерлері 67 жастағы азаматшаның жеке басын анықтап, заңға сәйкес тиісті құжаттар тізбесін жинақтап, жеке басын куәландыратын құжаттарын рәсімдеу арқылы жеке куәлігін дайындаған.

"Белгілі бір себептерге байланысты жеке куәлік алуға мүмкіндігім болмады. Енді Қазақстанның азаматы екенімді растайтын жеке куәлікті алғаныма қуанып отырмын. Полицейлер мені бірден тіркеуге алып, жедел түрде жеке куәлігімді дайындап берді" - дейді құжатқа енді ғана қолы жеткен тұрғын.

Атырау облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол зейнет жасына шықса да, осы уақытқа дейін зейнетақы алмаған. Азаматша енді жеке куәлігімен құзырлы органдарға зейнетақы алуға құжаттарын тапсырған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу