Мүлік иелерінің бірлестіктері әкімдіктен қандай көмек сұрай алады?

976

Жергілікті әкімдіктер көппәтерлі тұрғын үйлерге қарыз беруге құқылы.

Мүлік иелерінің бірлестіктері әкімдіктен қандай көмек сұрай алады?

Жаңадан құрылып жатқан мүлік иелерінің бірлестіктері мен жай серіктестіктер  көппәтерлі тұрғын үйді күтіп ұстауға кететін қомақты шығындарды жергілікті бюджет есебінен қарызға өтей алады. 2020 жылы күшіне енген заңның осы тұсын "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы" акционерлік қоғамының Өңірлік даму және әдіснама департаментінің басшысы Марғұлан Әбдікәрімов түсіндірді.

"Мүлік иелерінің бірлестігі мен жай среіктестік құрудың жағымды тұстары өте көп. 2019 жылдың желтоқсанында енгізілген жаңа заң бойынша, бұл тұрғыда көптеген тетіктер көрсетілген. Біріншіден, бірлестік жергілікті әкімдікке көппәтерлі тұрғын үйді техникалық сараптамадан өткізу туралы өтініш бере алады. Кондоминиум нысаны тіркелмеген болса, техникалық зерттеу жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі. Яғни, тұрғындар бұл процедура мен атқарылған шаралар үшін қалтасынан ақша төлемейді. Екіншіден, тұрғындар жергілікті әкімдіктен жеделсатыны жөндеуге немесе ауыстыруға ақша сұрай алады. Өздеріңіз білетіндей, жеделсаты шаруашылығы қырағы назарды қажет етеді. Ескіргендерін жаңалап отыру үшін қосымша қаражат керек. Егер мүлік иелері бірлестігінің шотында оған қажет қаржы болмаса, жергілікті әкімдік өз бюджеті есебінен бірлестіктің өтініші  бойынша қайтарымды негізде негізінде жеделсатыны ауыстырып беруге хақылы. Сондай-ақ, пәтер иелері күрделі жөндеу жүргізген кезде жергілікті әкімдіктен көмек сұрауға құқылы. Мұнда да ақша жетпей жатса, жергілікті бюджет есебінен жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалып, сараптама жүргізіліп, жөндеу шараларын іске асады. Әрине, әуелі, міндетті түрде, тұрғындардың жианалысы өтуі керек. Сол жиында тұрғындар жөндеу туралы шешімді бірауыздан құптауы қажет. Бірақ үй күрделі жөндеуден өтіп болғаннан кейін шығынды тұрғындар біртіндеп белгіленген мерзім ішінде төлейтінін ұғулары керек", - деді ол. 

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу