Мүмкіндігі шектеулі балаға қол көтерген мұғалім жұмыстан қуылды

547

Оқиға Павлодар қаласындағы балаларды оңалту орталықтарының бірінде болған, деп хабарлайды inbusiness.kz.    

Мүмкіндігі шектеулі балаға қол көтерген мұғалім жұмыстан қуылды Фото: bezformata.com

Мұғалімнің бұл әрекеті видеоға түсіп, әлеуметтік желіде тарады. Кадрда тәрбиешінің түрлі жаттығулар кезінде баланың басынан және қолынан ұрғаны көрсетілген.

Зардап шеккен тарап Instagram желісіндегі пабликтердің бірінде шағымын жариялады. Автордың жазуынша, ұлының қолында көгерген жерлерді байқаған ана тез арада мекеме әкімшілігіне хабарласып, бейнебақылау камераларындағы жазбаларды сұратты. Бұған тәрбиешінің қатысы бар екені сол кезде анықталды. Мұғалім жұмыстан шығарылды, бірақ баланың анасы оны заң талабына сәйкес жазалауды талап етіп отыр.

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Басқарма басшылығы бұл істі ерекше бақылауға алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу