Мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдауға 55,4 млрд теңге бөлінеді

762

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шапкенов  мүгедек балаға күтім жасау кезеңі 18 жасқа дейін ұзартылатынын мәлімдеді.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдауға 55,4 млрд теңге бөлінеді

Айта кетейік, қазір мүгедек балаға күтім жасау кезеңі 16 жас деп белгіленген. 

"Бұл норма мүгедек балалардың жас тобының өзгеруіне байланысты енгізіледі. Өзгеріс мүмкіндігі шектеулі балалардың жасына байланысты зейнетақы төлемі мен базалық зейнетақы тағайындау кезінде оң әсерін тигізеді. Жалпы, заң жобасында баяндалған нормалар мүгедектерді әлеуметтік қолдау, атаулы әлеуметтік көмек және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерін қоса алғанда, мемлекет тарапынан базалық әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін көрсетеді", –  деді Серік Шапкенов.

Министрдің мәлімдеуінше, заң жобасын қабылдау қосымша бюджет қаражатын бөлуді талап етпейді. Шығын нормалары 2021-2023 жылдарға бөлінген қаражат – 55,4 млрд теңге аясында іске асырылады. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу