Мүмкіндігі шектеулі спортшылардың жайын кім ойлайды?

367

Бүгінгі таңда өңірде мүмкіндігі шектеулі 27000-нан аса адам болса, оның 7 мыңға жуығының спортпен шұғылдануға рұқсаты бар.

Мүмкіндігі шектеулі спортшылардың жайын кім ойлайды?

Маңғыстау облысында мүмкіндігі шектеулі спортшыларға арналған арнайы спорт кешені жоқ. Соның салдарынан салауатты өмір салтын ұстанған азаматтар әр жерде жаттығып жүр. Кейде тренажерлық жабдықтардың жетіспеушілігінен апталап кезек күтуге мәжбүр.

Бір айта кетерлігі, тәуелсіздік жылдары өңірде ондаған спорт ғимараты бой көтергенімен, мүмкіндігі шектеулі жандарға мүмкіндік берілмеген.

Ғани Есентеміровтің ауыр атлетикаға келгеніне 5 жыл болған. 2-топтағы мүгедектігі бар азамат бүгінде пара пауэрлифтингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Бұл дәрежеге жету оңай болмады. Себебі, тыңғылықты дайындық жүргізуге жаттығу залы жетпейді.

"Аслан Сүйіншалиев деген тренеріміз осы жерде жұмыс істейді. Сондықтан біз залдың бір шетіне өз заттарымызды қойып осы спортпен айналысып жатырмыз. Ал өзімізде негізі 27-52  ның артында ангар бар. Ол ангар санаулы бір спортты қамтиды. Волейбол, боча отырып ойнайтын", - деді Пара пауэрлифтингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ғани Есентемір.

Ал Нұрлыбек Қожабеков жеңіл атлетика жыттықтырушысы. Шәкірттері де түрлі топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар. Күннің аптап ыстығында, қыстың қақаған суығында жабдықталмаған жерде жаттығу жасауға мәжбүр. Соған қарамастан Республикалық, халықаралық додаларда облыс атын абыроймен қорғап жүр. Ал мына спорттық снарядтар пен киім ауыстыру бөлмесінің жағдайы айтпаса да түсінікті секілді. Киім демекші, спортшылар соңғы додаларда біріңғай жейде де таппаған.

"Зал жоқ. Орысша айтқанда ешқандай "условия" жоқ. Қыста енді, пока салқын енді. Ары қарай.... Шынын айтқанда зал жоқ. Қайда барамыз? 27-ге барамыз. Бірақ, ол жерде копье лақтыра алмайды. Ештеңе істей алмайды ол жерде", - дейді жаттықтырушы Нұрлыбек Қожабеков.

Бүгінгі таңда өңірде мүмкіндігі шектеулі 27000-нан аса адам болса, оның 7 мыңға жуығының спортпен шұғылдануға рұқсаты бар. Олар Ақтау мен Жаңаөзен қаласындағы ангар типіндегі арнайы спорт залдарда жаттығады. Бірақ, оның өзі барлық спорт пен спортшыны қамтамасыз етпейді. Сондықтан, заманауи әрі үлкен орталық қажет. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу