Мұнай арзандап жатыр

489

Brent баррелі 51,14 доллар болды. 

Мұнай арзандап жатыр

Британияда табылған коронавирус штамы басқа елдерге таралып жатыр деген ақпараттан кейін эталон сұрыпты мұнай баррелі арзандады.

Brent баррелінің бағасы 0,29%-ға төмендеп, 51,14 доллар болды. WTI фьючерстерінің құны 0,06%-ға арзандап, қазір оның бір баррелі 48,2 долларға саудаланып жатыр.

Соңғы мәлімет бойынша, жаңа штамм Оңтүстік Корея, Испания, Франция, Канада, Жапония елдеріне жеткен. Қытай астанасы Бейжің қаласының билігі вирустың таралуын бодырмау үшін карантин шараларын қатаңдатты. Оңтүстік Кореяда шектеу шаралары 3 қаңтарға дейін ұзартылды. Соңғы күндері бұл елде науқастар саны көбейген. 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу