Мұнай бағасы арзандай бастады

788

9 ақпанда "қара алтын" бағасы 61 доллардан асқан болатын.

Мұнай бағасы арзандай бастады

Сауда қорытындысы бойынша мұнай бағасы төмендеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы ICE биржасына сілтеме жасап. Ресми дерек бойынша, Brent маркалы мұнайдың баррелі 0,15%-ға арзандап, 61,00 доллар болды. WTI фьючерстерінің бағасы 0,27%-ға төмендеп, бір баррелі 58,20 долларға саудаланып жатыр. 

АҚШ-тың мұнай институты елдегі шикізат қоры туралы мәлімет жариялады. API дерегі бойынша, Құрама Штаттардағы мұнай қоры бір апта ішінде 3,5 миллион баррельге азайған. Мұндай динамика осымен үшінші апта қатарынан байқалып отыр. Бірақ алдыңғы аптада қор 4,26 миллион баррельге қысқарған еді. 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу