Мұнай бағасы барреліне 84 долларға дейін өсті

99

Бағаның өсуі Таяу Шығыстағы геосаяси шиеленістің күшеюімен байланысты. 

Мұнай бағасы барреліне 84 долларға дейін өсті Фото: RBC

Мұнайдың әлемдік бағасы өсуін жалғастыруда. 5 наурыздағы сауда-саттық мәліметтері бойынша, халықаралық Brent маркалы мұнайдың құны барреліне $83,08 құрады, ал АҚШ-тың WTI маркасы – $76,67 болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сонымен қатар, сауда-саттық барысында Brent бағасы 84 доллардан жоғары көтерілді, бұл алдыңғы күннің деңгейінен 3%-дан астам жоғары.

Нарық қатысушылары әлемдік энергетикада маңызды рөл атқаратын аймақтан мұнай жеткізуде іркілістер болуы мүмкін деп қауіптенеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу