Мұнай бағасы қайта құлдырады

1071

Таңғы сессияда 10 пайызға дейін өсім көрсеткен мұнай бағасы, түс ауа  тағы төмендеді.  

Мұнай бағасы қайта құлдырады

Дәл қазір Лондон биржасында "Брент маркалы өнімнің мамыр айындағы фьючерсі шамамен 3 пайызға қысқарған, деп хабарлайды Atameken Business.

Баррелі – 36 доллар 30 цент. Ал даблютиай фьючерсі 33,42 центке саудалануда. Дональд Трамп экономика коронавирус пен мұнай бағасына қатысты мәселеге төтеп беруі үшін барлық амалды жасаймын дегенмен, Нью-Йорк биржасындағы жағдай мәз емес. Ақ үй жетекшісі туризм саласына да субсидия бөлуді ұсынды. Ал сенаторлар болса, мұнай өндірісіне федералды көмек беру қажет екенін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу