Мұнай бағасы қалай құбылуда?

517

Brent маркалы мұнай бағасы баррель үшін 92,3 доллар деңгейінде саудаланып жатыр.  

Мұнай бағасы қалай құбылуда? Фото: inbusiness.kz

Дүйсенбі күні Лондондағы ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың желтоқсандағы фьючерстерінің құны барреліне 92,32 долларды құрады, деп жазады Inbusiness.kz interfax.kz порталына сілтеме жасап.

Бұл алдыңғы сессияның жабылуына қарағанда 0,12 долларға (0,13%) жоғары. Жұма күні бұл келісімшарттардың бағасы 0,9 долларға төмендеп, баррель үшін 92,2 доллар болды.

Нью-Йорк тауар биржасының (NYMEX) электрондық сауда-саттығында WTI сұрыпты мұнайдың қараша айындағы фьючерстері 0,14 долларға қымбаттап (0,15%), барреліне 90,93 доллар болды. Алдыңғы сауда-саттық қорытындысы бойынша бұл келісімшарттардың құны 0,92 долларға азайып, бір баррель үшін 90,79 доллар тұрды.

Нарықтағы әлеуетті жеткізілім тапшылығы бойынша алаңдаушылық қыркүйек айында мұнай бағасын реттеді. Сарапшылардың көбі әлі де бағаның барреліне 100 долларға дейін көтерілетінін айтып отыр, деп жазады Market Watch.

Brent өткен айда 9,7%-ға және үшінші тоқсан қорытындысы бойынша 27,3%-ға қымбаттабы. WTI бағасы 8,6%-ға және 28,5%-ға жоғарылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу