Мұнай бағасы көтеріле бастады

864

Нарықты әлемдегі эпидемиологиялық жағдай алаңдатып отыр.

Мұнай бағасы көтеріле бастады Фото: reuters.com

25 қаңтарда мұнай бағасы көтерілді. Әлемнің бірқатар елінде локдаун қайтадан енгізілгеннен кейін, шикізатқа деген сұраныс азаяды деген болжамдар айтылды. Бұл фактор нарықтың оңалуын тежеп отыр. 

Ресми дерек бойынша, Brent маркалы мұнайдың баррелі 0,05%-ға қымбаттап, 55,44 доллар болды.WTI фьючерстерінің бағасы 0,08%-ға өсіп, бір баррелі 52,31-ға саудаланып жатыр.

Сарапшылардың айтуынша, Гонконгта локдаунның жариялануы және Франция билігінің осындай қадамға баруы мүмкін деген ақпарат нарыққа кері әсерін тигізіп, іскерлік белсенділікті шектеуі мүмкін. Құрама Штаттардағы мұнай қорының көлемі де қазір инвесторларды алаңдатып отыр. Бұл елде шикізат қорының көлемі 4,4 миллион баррельге артып, 486,6 миллион баррельге дейін жеткен.

Еске сала кетсек, бұған дейін ОПЕК+ елдерінің кезекті отырысы ұйымдастырылған еді. Жиында өндіруші елдер үшін келісімнің шарттарын алдағы екі айда өзгеріссіз қалдыру туралы шешім қабылданды. Қазақстан мен Ресей ғана ақпан мен наурыз айларында өндірісті сәл де болса арттырады. Сауд Арабиясы мен бірқатар ел бір күнде өндірілетін мұнай көлемін тағы да қысқартады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу