Мұнай бағасы құлдырады

785

Соңғы мәрте шикізат мұндай қарқынмен өткен жылдың қыркүйек айында арзандаған еді.

Мұнай бағасы құлдырады Фото: inbusiness.kz

Мұнай бағасы шамамен 8%-ға төмендеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы Лондон ICE биржасының мәліметіне сілтеме жасап. 

Ресми дерек бойынша, Brent сұрыпты мұнайдың мамырдағы фьючерстерінің құны шамаме 8%-ға арзандап, 62,5 доллар болды. WTI сұрыбының сәуірдегі фьючерстерінің бағасы 8,1%-ға түсіп, қазір оның бір баррелі 59,3 долларға асаудаланып жатыр. 

Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, шикізат бағасының осындай қарқынмен құлдырауы өткен жылдың қыркүйегінде тіркелген еді. Нарықтың мұндай динамикаға ие болуына кейбір елдердегі вакцинация проблемалары себеп болып отыр. Инвесторлар болса, экономиканың қалпына келуі ұзаққа созылып, мұнайға деген сұраныс азаяды деп күдіктенуде. 

Бұған дейін Халықаралық энергетикалық агенттік мұнайға деген сұраныс көлемі дағдарысқа дейінгі деңгейге 2023 жылы жетеді деп топшылаған еді. Алайда бірқатар сарапшы коронавирус дағдарысы мен көміртекті энергия көзіне көшу процесі салдарынан сұраныс көлемі пандемияға дейінгі көрсеткіштерге ешқашан жетпеуі мүмкін дегенді айтып отыр. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу