Мұнай бағасы құлдырады

321

Brent мұнайы барреліне 89,6 доллардан саудаланып жатыр.

Мұнай бағасы құлдырады

Лондондағы ICE Futures биржасында Brent мұнайының желтоқсандағы фьючерстерінің құны 89,63 доллар болды. Бұл алдыңғы сессияның жабылуына қарағанда 0,02%-ға төмен. Дүйсенбіде бұл келісімшарттардың бағасы 1,24 долларға азайып, барреліне 89,65 доллар құрады, деп жазады inbusiness.kz Интерфакс-Қазақстан порталына сілтеме жасап.

Нью-Йорк тауар биржасының (NYMEX) электрондық сауда-саттығында WTI мұнайының қараша айындағы фьючерстері осы уақытқа дейін 0,16 долларға арзандап, баррелі үшін 86,5 доллар болды. Алдыңғы сауда-саттық қорытындысы бойынша бұл келісімшарттардың құны 1,03 долларға азайды.

Дүйсенбі күні мұнай бағасының төмендеуіне АҚШ-тың Венесуэланың мұнай секторына қатысты санкцияларды жеңілдетуге ниетті екені жөнінде БАҚ-тағы жарияланымдар әсер еткен.

The Washington Post мәліметінше, АҚШ пен Венесуэла үкіметтері келісімге келді. Каракас келесі жылы елде халықаралық бақылау арқылы бәсекеге толы сайлауды өткізуге, ал Вашингтон Венесуэла мұнайына қатысты санкцияларды жеңілдетуге міндеттенеді, деп жазды басылым.

Mizuho Bank Ltd Сингапурдағы сарапшысы Вишну Варатанның сөзінше, егер қақтығыс одан әрі күшеймесе, онда нарықтың Израиль мен ХАМАС арасындағы теке-тіреске деген реакциясы бірқалыпты болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу