Мұнай бағасы құлдырай бастады

Бұған Қытайдағы эпидемиологиялық жағдай ықпал етті.  

Мұнай бағасы құлдырай бастады Фото: РИА новости

Brent маркалы мұнайдың қаңтардағы фьючерстерінің құны Қытайдағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы аясында бір баррель үшін 81 долларға дейін күрт төмендеді, деп жазады inbusiness.kz.

Көрші елдегі инфекция жұқтырғандардың рекордтық көрсеткіші аясында билік бүкіл елде карантинді күшейтіп жатқаны белгілі, бұл қазірдің өзінде кең ауқымды толқулар тудырды.

Еске сала кетсек, мұнай бағасының құлдырауына Қытайда мұнай өнімдеріне сұраныс азаяды деген қорқыныш себеп болған. Бұл жағдайда ресейлік мұнайға барреліне 65-70 АҚШ доллары шегінде баға белгілеудің өзі қолдау көрсете алмайды.

Ал аталған факторлар теңгеге қысым көрсететіні анық. Себебі біздің валютамыз үшін мұнай бағасының маңызы зор.

 

Telegram
ПОДПИСЫВАЙТЕСЬ НА НАС В TELEGRAM Узнавайте о новостях первыми
Подписаться