Мұнай бағасы күрт құлдырады

590

Соңғы рет мұндай төмен көрсеткіш маусым айында тіркелген болатын.

Мұнай бағасы күрт құлдырады

Brent сұрыпты мұнай баррелінің құны 40 доллардан түсіп кетті. Лондондағы ICE биржасының дерегінше, бұған сұраныс қайта қалпына келеді деген күдік пен Сауд Арабиясының жеңілдік жасауы себеп болып отыр.

Соңғы мәлімет бойынша, Brent бағасы 5,3%-ға төмендеп, 39,79 долларға дейін арзандады. WTI баррелінің бағасы шамамен 7,5%-ға құлдырап, 36,65 доллар болды. 

Осылайша бір апта ішінде Brent 10%-ға, WTI 15%-ға арзандап отыр. Соңғы рет мұндай көрсеткіш маусым айында тіркелген еді.

Кей сарапшылар  мұнай бағасы алдағы уақытта көтерілмейді дегенді алға тартып отыр. Олардың ойынша, ОПЕК+ картелінің кейбір мүшелерінің міндеттемелерді орындамауы нарықты біразға дейін тежейді.

Табиғаи Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу