Мұнай бағасы күрт төмендеп, доллар қымбаттады

766

Мұнай бағасы күрт төмендеп, доллар қымбаттады

Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңертеңгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 10 шілдедегі доллардың орташа бағамы 326,31 теңге болды. 5 шілдедегі таңғы сессияның қорытындысымен салыстырғанда, ұлттық валюта 2,71 теңгеге төмендеді. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

Теңгенің төмендеуіне әлемдік нарықта қара алтын бағасының 1,2%-ға түсуі әсер етті.

Мамандардың айтуынша оған АҚШ-тың мұнай өндірісін көбейтуі себеп болған. Бұған дейін құрама штаттардың энергетика министрлігі елдің мұнай қорының біршама азайғанын мәлімдеген. Дегенмен осы аптада олар өндірісті тәулігіне 9,3 млн баррельге дейін ұлғайтты. Оған қоса маусым айында ОПЕК-ке мүше елдер де қара алтын өндірісін көбейтті. Осылайша қор нарығындағы Brent маркалы қара алтын 47,53 АҚШ долларына, WTI маркасы 44,95 долларға саудаланды. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу