Мұнай бағасы өткен аптада құлдырағаннан кейін қайта өсе бастады

Brent маркалы "қара алтын" барреліне 81 доллардан сатылуда.  

Мұнай бағасы өткен аптада құлдырағаннан кейін қайта өсе бастады

Мұнай бағасы өткен аптада күрт төмендегеннен кейін дүйсенбіде қайта өсе бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың қаңтардағы фьючерстерінің бағасы дүйсенбі күні барреліне 85,3 долларды құрады, бұл алдыңғы сессияның жабылуындағы көрсеткіштен 0,41 долларға (0,48%) жоғары. Жұма күні бұл келісімшарттардың бағасы барреліне 1,96 долларға (2,3%) төмендеп, 84,89 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) электронды саудада желтоқсан айындағы WTI мұнай фьючерстері осы уақытқа дейін 0,5 долларға (0,62%) қымбаттап, барреліне 81,01 долларды құрады. Алдыңғы сауда-саттық қорытындысы бойынша бұл келісімшарттардың бағасы барреліне 1,95 долларға (2,4%) төмендеп, 80,51 долларды құрады.

Өткен аптада Brent 4,8%-ға, WTI – 5,9%-ға арзандады, деп хабарлайды Dow Jones.

"Таяу Шығыстағы қақтығыстың өршуіне байланысты алаңдаушылық біршама азайып, трейдерлердің назары әлемдік нарықтағы мұнайға сұраныс пен ұсыныстың болашағына ауды", – деп жазады Market Watch.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу