Мұнай бағасы жыл басындағы көрсеткішке дейін арзандады

828

Мұнай бағасы жыл басындағы көрсеткішке дейін арзандады

Нарықта мұнай бағасы арзандап, соңғы 7 айдағы ең төмен көрсеткішке түсті, деп хабарлайды 24.kz.

Сарапшылардың мәлімдеуінше, қара алтын құнының құлдырауына АҚШ-тағы бұрғылау ұңғымалары санының артуы мен шикізатты экспорттайтын бірнеше елде, әсіресе Ливияда өндірістің өсуі себеп болған. Лондон биржасында өткен сауда барысында Брент үлгісіндегі мұнайдың бағасы 45 доллар 55 центке дейін түссе, Нью-Йорк биржасында WTI мұнайының құны 43 доллар 2 центті құраған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу