Мұнай бағасының құбылуына байланысты елде бензин қымбаттай ма?

318

Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты қара алтын бағасы құбылып тұр.

Мұнай бағасының құбылуына байланысты елде бензин қымбаттай ма? Фото: adyrna.kz

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов бензин бағасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ведомство басшысы нарықтағы ахуал құбылмалы екенін баса айтты.

"Күн сайын бағаның өзгергенін байқап отырмыз. Ең жоғарғы шек 119 доллар болды, қазір мұнай бағасы шамамен 87 долларға түсті. Сол себепті баға 80 доллар шамасында болуы мүмкін деген алғышарттар бар. Парсы шығанағына жататын елдердегі мұнай инфрақұрылымына шабуылдар әлі жалғасып жатыр. Әрине, бұл нарықта мұнай көлемінің азаюына әсер етті. Сол себепті баға да түспей тұр", – деді ол журналистердің сауалына берген жауабында.

Ерлан Ақкенженов бұл жағдайдың Парсы шығанағы елдері мен АҚШ-та бензин бағасына әсер еткенін де нақтылады. Оның сөзінше, елімізде ешқандай өзгеріс жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу