Мұнай битумына ЭКБ мөлшерлемесі төмендетілді

1124

Мұнай битумына ЭКБ мөлшерлемесі төмендетілді

Қазақстанда өндірілген мұнай битумын экспорттауға жағдай жасау мақсатында экспорттық кедендік баж мөлшерлемесі төмендетілді. Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды 7kun.kz.

"Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2016 жылдың 17 ақпандағы № 81 бұйрығына маусымға қарамастан тұрақты түрде 1 тоннасына экспорттық кедендік баждың  (ЭКБ) мөлшерін 60 доллардан 15 еуроға төмендетуді көздейтін өзгертулер енгізілді", делінген баспасөз хабарламасында.

Өзгертулер алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Осы уақытқа дейін мұнай битумының экспортына қатысты маусымдық ЭКБ мөлшерлемелері қолданылып келген.

Мәселен, 15 қазаннан бастап 15 сәуір аралығында тоннасына 15 еуро мөлшерінде ЭКБ мөлшерлемесі қолданылды, ал қалған кезеңде — тоннасына 60 доллар мөлшерінде болған.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, қазіргі кезде қазақстандық битум зауыттарының ("CaspiBitum" БК" ЖШС, "Павлодар мұнай-химиялық зауыт" ЖШС, "Газпроммұнай-Битум Қазақстан" ЖШС және "Асфальтобетон 1" ЖШС) жобалық қуаттылықтары жылына 1 млн тоннаға  жетеді, ал битумға деген ішкі нарықтағы қажеттілік жылына 500 мың тоннаны құрайды.

ЭКБ мөлшерлемесі тоннаға 60 доллар болғанда қазақстандық битумның құны сыртқы нарықта бәсекеге қабілетсіз болған. Қабылданған шара ішкі нарықта қажеттілік жоқ болған кезде, яғни қысқы кезеңде битумды экспорттауға және отандық зауыттардың өндіру көлемін арттыруға және жұмыс орындарын сақтауға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу