Мұнай экспорттаушы елдердің тағы бір ұйымы құрылуы мүмкін

2913

Ресей мен Саудия жаңа ұйымға АҚШ-тың мүшелікке енуін қаламайды.

 Мұнай экспорттаушы елдердің тағы бір ұйымы құрылуы мүмкін

2019 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап, мұнай экспорттаушы елдердің тағы бір ұйымы құрылуы мүмкін, деп хабарлайды Atameken TV.

Ресейдің энергетика министрі Александр Новак әзірге альянстың қалай аталары және штаб-пәтері қайда орналасары белгісіз екенін айтады. Бірақ ұйымның ОПЕК+ негізінде жұмыс істейтіні анық.

Жаңа уағдаластық Мәскеу мен мен Эр-Рияд арасында жүргізіліп жатыр. Алдағы айда картельге мүше елдердің энергетика министрлері кездесіп, қауымдастық шарттарын қарастыруды жоспарлауда.

Ресей мен Саудия жаңа ұйымға АҚШ-ты мүшелікке кіргізгісі жоқ. Rambler агенттігінің жазуынша, қазір АҚШ Конгрессі ОПЕК шартына кірген елдердің дербес альянс құруына тыйым салатын құжатты бекітуде. Оған "No OPEC" деген атау берілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу