Мұнай-газ компаниялары әлеуметтік көмекке 16 млрд теңге бөлді

777

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев халыққа есеп беру барысында өткен жылдың ақпан айынан бастап министрлікте мүдделі компаниялардың қатысуымен СOVID-19 жағдайын бақылау жөніндегі жедел штаб жұмыс істегенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Мұнай-газ компаниялары әлеуметтік көмекке 16 млрд теңге бөлді

Оның сөзінше, мұнай-газ компаниялары коронавирус инфекциясының таралуына қарсы іс-шаралар жоспарын әзірледі және вирусқа қарсы белсенді күрес жүргізді. 

"2020 жылы мұнай-газ компаниялары әлеуметтік көмекке шамамен 16 млрд теңге бөлді. Атап айтқанда, Атырау, Ақтау қалаларында модульдік үлгідегі инфекциялық ауруханар, Құлсары қаласында көпбейінді аурухана кешені салынды. Медициналық жабдық, көлік және қажетті материалдар сатып алынды", – деді Нұрлан Ноғаев.

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу