Мұнай-газ машина жасау орталығы қалай қаржыландырылады?

1217

Орталық саладағы импорттық құрал-жабдықтар санын қысқартып, отандық өнімнің үлесін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мұнай-газ машина жасау орталығы қалай қаржыландырылады?

Министрдің орынбасары орталық биыл жұмыс істей бастайтынын жеткізді.

"2021 жылы ақпанда орталық Әділет органдарында тіркелді, ал сәуірде Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ кен орындарының 3 операторы қауымдастыққа мүше болды. Қазіргі таңда орталықты іске қосу, кеңсе ашу, басқа да тиісті саясат пен қажетті рәсімдерді әзірлеу сияқты жұмыстар жүргізіліп жатыр", деді Жұмабай Қарағаев.

Вице-министр мұнай-газ машина жасау орталығына қаржы қалай бөлінетінін түсіндірді.

"Орталықтың қызметін жоғарыдағы 3 оператор қаржыландырады. Олар арнайы бюджетті белгілеген. Осылайша, орталық жұмыс істейді, оның барлық шығынына аудит жүргізіледі", – деді вице-министр.

Сондай-ақ  жаңа орталық мұнай-газ саласындағы импорттық құрал-жабдықтар санын қысқартып, отандық өнімнің үлесін арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Айта кетейік, өткен жылы елімізде мұнай-газ машинасын жасау орталығының құрылатыны хабарланған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу