Мұнай-химия комбинаты салынады

820

Мұнай-химия комбинаты салынады

Ресейлік "Космос-Нефть-Газ" қаржылық-өнеркәсіптік компаниясы және қазақстандық "Саутс-Ойл" компаниясы Еуро-5 стандарты бойынша мұнай- химия комбинатын салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы кәсіпкерлердің Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевпен кездесуінде белгілі болды, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Жоспар бойынша жаңа зауыт жылына 2 млн тонна шикізатты қайта өңдеуге қауқарлы. Кәсіпорын мәселесі талқыланған басқосуда өңір басшысы қонақтарды аймақтың өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктерімен таныстырды. Сонымен қатар, облысымыздың инвестициялық және туристік әлеуетін шетел нарығына таныстыру басты басымдықтарымыздың бірі екенін айтып, бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

"Оңтүстік Қазақстанда шетелдік инвесторлар үшін бар жағдайды жасауға әкімдік толықтай әзір. Бүгінде облыстағы 11 индустриалды аймақта 151 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатса, "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағында 10 ірі кәсіпорын жұмыс жүргізіп жатыр", - деді әкім.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу