Мұнай құбырындағы апат: Қазақстан делегациясы Мәскеуге барады

797

Каспий құбыр консорциумы бойынша жөндеу жұмыстары әзірге басталмады. Энергетика министрі Болат Ақшолақов алдағы аптада ресейлік әріптестерімен келіссөз жүргізуді жоспарлап отырғанын айтты. Қазақстандық делегация Ресейге барып, консультация жүргізеді. 

Мұнай құбырындағы апат: Қазақстан делегациясы Мәскеуге барады

"Ресейлік әріптестеріміз ауа райына байланысты теңіздің түбіне түсуге мүмкін болмай тұрғанын айтып жатыр. Сол себепті олар сәуір айының ішінде бүкіл жұмыстарды аяқтауға барлық мүмкіндігін салатынын уәде беріп отыр. Атап айтқанда, атқарылатын жұмыстар анықталды. Дегенмен,жұмысшылар бригадасы судағы жұмыстарды жүргізе алмай жатыр", – деді Болат Ақшолақов Мәжіліс кулуарында.

"Жөндеу жұмыстарын жүргізетін мамандар да керек. Сондықтан консультация техникалық мамандар басшылығы деңгейінде жүріп жатыр. Біздің мамандар тиісті кездесу өткізу үшін Мәскеуге барды. Қосымша ақпаратты тағы да хабарлаймын", – деді ведомство басшысы.

Еске сала кетсек, бұған дейін Каспий құбыр концорциумына (КҚК) қарасты алып жүретін кеме аялдамалық құрылғының істен шығуын "Ресейдің қолдан жасап отырғаны" туралы ақпарат тараған еді. Алайда бұл нұсқаны Энергетика министрі Болат Ақшолақов жоққа шығарған. 

Фото: apsenergia.ru

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу