Мұнай құны қайтадан арзандай бастады

423

Brent сұрыпты мұнай баррелінің бағасы 44,21 доллар болды. 

Мұнай құны қайтадан арзандай бастады

Әлемде коронавирус індеті таралып, шикізатқа деген сұраныс азаяды деген күдік және АҚШ-та карантин шараларының енгізілуі мұнай бағасының төмендеуіне әкеліп соқты. 

Brent сұрыпты мұнай баррелінің бағасы 0,29%-ға төмендеп, 44,21 доллар болды. WTI мұнайының желтоқсандық фьючерстерінің құны 0,57%-ға арзандап, қазір 41,58 долларға саудаланып жатыр. 

Соңғы екі сессияда "қара алтын" бағасы шамамен 4%-ға қымбаттаған еді. Алайда Нью-Йорк қаласында шектеу шаралары енгізіледі деген ақпараттан кейін нарықта теріс динамика орнады. 

ОПЕК+ елдері екі аптадан кезекті отырысын өткізеді. Тараптар бір күнде өндірілетін мұнай көлемін 2 миллион баррельге арттыру мәселесін талқыламақ.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу