Мұнай мен алтын арзандап, криптовалюта қымбаттады

934

Мұнай мен алтын арзандап, криптовалюта қымбаттады

Мұнай тағы арзандады. Бағаның түсуі АҚШ-тағы өндірістің тәулігіне 10 млн-нан асып жатқанымен байланысты. Лондондағы тауар-шикізат биржасында. Brent маркасы 2,30 пайызға дейін түсіп, қазір баррелі 65 доллар 32 центтен сатылуда. WTI маркасы да 3,08 пайызға азайып, баррелі 61 доллар 42 цент болып бекіді.

Мұнай бағаысымен бірге алтын да арзандады. Оның троя унциясы 12 долларға түсіп, 1317 доллар 90 центке бағаланды. Ал күміс 2 пайызға арзандап, троя унциясы 16 доллар 33 цент көлемінде саудалануда. Керісінше, биткоинның құны шарықтап, бірден 18 пайызға қымбаттады. Осылайша 1 биткоин 8335 долларға бағаланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу