Мұнай өңдеу зауыттарында жабдықтың істен шыққаны жасанды интеллект негізінде анықталады

173

Мұндай бастаманы "ҚазМұнайГаз" компаниясы қолға алды.  

Мұнай өңдеу зауыттарында жабдықтың істен шыққаны жасанды интеллект негізінде анықталады Фото: kmg.kz

Кәсіпорын жабдықтардың істен шығуын болжайтын сараптамалық жүйені дәйекті түрде енгізіп келеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бүгінгі таңда зауыттардың сенімділігі басты технологиялық қондырғыларға орнатылған мыңдаған есептеуіш құралдан келіп түсетін үздіксіз деректер ағынымен қосымша қамтамасыз етіледі.

Жасанды интеллект арқылы ақпарат тасқынын талдау арқылы предиктивті сараптамалық жүйе жабдықтың жұмысындағы іркілістерді ерте кезеңде анықтап, жоспардан тыс тоқтаулардың алдын алады:

  • Шымкент мұнай өңдеу зауыты (ПҚОП) үш жылдық жөндеуаралық циклге көшті, яғни күрделі жөндеуге тоқтамай үздіксіз жұмыс істейді. Кәсіпорынның сенімділігін одан әрі нығайту үшін 2026 жылғы сәуірде ПҚОП маңызды компрессорлар бойынша предиктивті сараптаманың бірінші кезеңін енгізе бастады.
  • Атырау (АМӨЗ) және Павлодар (ПМХЗ) мұнай өңдеу зауыттары үшін предиктивті жүйелерді енгізу жөндеуаралық кезеңдерді ұзартудың ажырамас талабы болып отыр. 2025 жылы АМӨЗ және ПМХЗ-да цифрлық шешімдердің тиімділігін дәлелдеген пилоттық жобалар енгізілді. Бүгінде Атырау зауытында баяу кокстеу қондырғысының реакторлары үшін ақауларды ерте анықтау жүйесі жұмыс істеп тұр.
  • 2026 жылы АМӨЗ және ПМХЗ жүйені асамаңызды агрегаттарға кеңінен енгізіп, ауқымды іс-шараларды қолға алды. Әр зауыт бойынша үш кезең ішінде предиктивті сараптамалық жүйесіне 100-ден аса жабдықты қосу жоспарланып отыр.

Предиктивті сараптамалық жүйені енгізу жобасының бірінші кезеңі полипропилен өндіретін "KPI" ЖШС-де жүзеге асырылды. Жүйеге аса маңызды 10 технологиялық торап қосылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу