Мұнай саласына жұмысқа орналасқысы келгендер 7 млн теңгесінен айрылды

545

Маңғыстау облысында мұнай саласына жұмысқа орналасқысы келетіндер алаяқтардың арбауына жиі түседі.

Мұнай саласына жұмысқа орналасқысы келгендер 7 млн теңгесінен айрылды

Ақтау қаласының тұрғыны полицияға арызданып, ер адам 6 млн теңге көлемінде қаражатын алып, алаяқтық іс-әрекетке барып, шығын келтіргенін айтқан.

Дәл осындай негіздегі арызбен жаңаөзендік тұрғын да шағымданды. Бұл жолы жәбірленуші 1 млн 150 мың теңге көлемдегі қаражатынан айрылған.

Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 45 жастағы Жаңаөзен қаласының тұрғыны мен 27 жастағы күдікті әйел анықталып, қолға түсті.

Аталған деректер бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы, 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Өзге мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмеді.

Тасым Жаңай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу